БЖЗҚ активтерінің кірістілігін арттыру жұмысы жалғасады - Ұлттық банк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің кірістілігін арттыру жұмысы жалғасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зейнетақы жинақтарының 2,6 трлн теңге сомасында мерзімінен бұрын алынуына қарамастан зейнетақы активтері 13 трлн теңгеге дейін 152 млрд теңгеге өсті. Өткен жылғы инвестициялық кірістің көлемі - 1,4 трлн теңге, зейнетақы жарналарының көлемі - 1,3 трлн теңге, зейнетақы төлемдерінің көлемі - 268 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі - 2,7 пайыз. 2022 жылы портфельді одан әрі әртараптандыру арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің кірістілігін арттыру жұмысы жалғасатын болады», - деді Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.