БЖЗҚ активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен асып түсті - ҚР Ұлттық банкі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің табыстылығы 3,04%-ды құрап, инфляция деңгейінен екі есеге асып түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, алғашқы 6 айда инфляция деңгейі 1,4%-ды құрады.

ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдың соңына дейін осы көрсеткішті сақтап қалуға ынталы болып отыр. «Зейнетақы активтерінің ең тиімді әрі табысты инвестициялау көзі екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына салу боып отыр. Осылайша 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЕДБ қаржылық құралдарына салынған инвестицияның орташа табыстылығы 8,5% болды. Бұл жерде ескеретін жайт, Ұлттық банк тек ірі банктердің құнды қағаздарына ғана ақша салды», - деді ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операция және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Рашид Әміров.

Айта кету керек, Ұлттық банктің сатып алған құнды қағаздарының 1 жылдық орташа табыстылығы 8,3%-ға жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі жыл басынан бері 9,1%-ға өсіп, 4 926,4 млрд. теңге болды.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 6,3% болып, 2013 жылғы жекеменшік зейнетақы қорларынының табыстылығынан 3 есеге асып түсті.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың басты мақсаты - зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, табыстылығын инфляциядан асыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram