БЖЗҚ берешек компаниялардың тізімін жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ берешек компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлдайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЖЗҚ-ның мәліметіне сүйенсек, эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қорға берешек қарыз құны 40,5 млр теңге.

«БЖЗҚ қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді», - делінген қор хабарламасында.

БЖЗҚ-ға қарыз компаниялар: «Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ, Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы - 8,8 млрд. теңге.

Жалпы, 1 тамыздағы жағдай бойынша облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайған.

«Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге)», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram