БЖЗҚ бұрынғы басшысы Ерденаевты қамау мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевты қамауға алу мерзімі 28 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов хабарлады.

Алмалы аудандық соты «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, Тәуекелдерді басқару департаменті қаржылық тәуекелдер басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бахтовқа, «Алатау Мұнай Алтын» компаниясының басшысы Б.Кенжебаевқа, «Бузгул Аурум» ЖШС басшысы А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамау мерзімін 5 айға ұзарту туралы шешім шығарды.

Күдіктілер сот басталғанша қамауда 28 мамырға дейін отыратын болды.

Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ төрағасының экс орынбасары Дабыр Медетбековке қатысты бұлтартпау шарасы 4 айға созылды. Ол қамауда 8 маусымға дейін отырмақ.

Іске қатысы бар деп танылған «Мегатрансазия» ЖШС-ның басшысы Талғас Тұртаев сотқа дейін 3 ай қамауда болмақ.

Аталған тұлғалардың барлығы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram