БЖЗҚ бұрынғы басшысын қамауға алу мерзімі 9 айға ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының экс-төрағасы Руслан Ерденаевты қамауға алу 9 айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысымен күдікті тұлғалар - «БЖЗҚ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Р. Ерденаев, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаменті қаржы тәуекелдері басқармасының бұрынғы басшысы М. Бақытов, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ қадағалау кеңесінің төрағасы Б. Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағаринге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тоғыз айға, яғни 2017 жылғы 28 қыркүйекке дейін ұзартылды», - деп хабарлады сот.

Сонымен қатар, сот «Мегатрансазия» ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаевқа қатысты бұлтартпау шарасын - 7 айға, яғни 23 қыркүйекке дейін, БЖЗҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековке қатысты бұлтарпау шарасы 8-қыркүйекке дейін созу туралы өтінішті қабылдады.

Сотқа дейінгі тергеу органдары тарапынан аталған тұлғалар жеке меншікке қарсы қасақана ауыр қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған біреудің меншігін иемдену және ысырап ету) бойынша айыпталған.

Соңғы жаңалықтар