БЖЗҚ қаржысы қайда инвестицияланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев қазіргі таңда БЖЗҚ қаржысы қайда инвестицияланып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистикаға сәйкес, зейнетақы қорынан 9,4 млн шот ашылған, онда салымшылардың 7 273,3 млрд теңге жинағы бар. Зейнетақы төлем сомасы 134,3 млрд теңгені құрайды.

«Жалпы инвестициялық қоржынның негізгі үлесі ҚР мемлекеттік құнды қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративті құнды қағаздары болып табылады (зейнетақы активтерінің 42,8% және 32,9%). 10 %-ы екінші деңгейлі банктердің үлесінде. Биыл БЗЖҚ қаржысын инвестициялау үдерісі баяу жүріп келеді. Себебі ҚР Үкіметі аталған салада бірнеше жоба жүзеге асыруда. Сондықтан бос тұрған қаржыны біздің ноталарға инвестициялауға мәжбүр. Бұл Ұлттық банктің шығындарының артуына әкеліп жатыр. Мемлекеттік бағдарламаны жеделдету жайлы тапсырма берілген соң қаржыны игеру жалғасады», - деді Д.Ақышев.

Қазіргі таңда айналымдағы ноталардың көлемі 3 090, 6 млрд теңге.

Сонымен қатар, бас банкир БЖЗҚ активтерінің шетелдік валютаға көбірек аударылып жатқанын айтты.

«БЗЖҚ қаржысын белгілі бір компанияларға сенімді басқаруға беру туралы заңға енгізілетін өзгерістер әлі талқыланып жатыр. Алайда қазір БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесін арттырып жатырмыз. Бұл жиылған қаржыны әр тараптандырып, сыртқы басқарушы компанияларға Ұлттық қор мен алтын валюталық резервін ұтымды пайдаланудың үздік тәжірибесін ескере отырып беруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде әлемдік нарықтағы ең сапалы шетелдік компанияларды тартуға ықпал етеді. Комиссияларды азайтады», - деді банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram