БЖЗҚ: Қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 350 млрд теңге аударылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 104 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Бұл мүмкіндікті 700 мыңға жуық қазақстандық қолдана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЖЗҚ: Қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 350 млрд теңге аударылды

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға «Отбасы банкі» мен «Қазақстанның Халық банкі» (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ.

Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 млрд теңге жіберіледі. 32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды.

Жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы - 5,4 млн теңге.

Біржолғы зейнетақы төлемдерді алуға берілген өтініштердің басым бөлігі бұрынғысынша Алматы (20, 6%), Нұр-Сұлтан (16,7%) және Маңғыстау облысының (14,6%) тұрғындарынан келіп түсуде.