БЖЗҚ Қоғамдық кеңестің жұмысына көмектесуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңес қызметінің арқасында халықпен кері байланыс айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева бүгін Алматыда БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

БЖЗҚ Қоғамдық кеңестің жұмысына көмектесуге дайын

Ол Қоғамдық кеңестің барлық мүшесіне белсенді жұмыс жасағаны үшін алғыс айтты. «Қоғамдық кеңес еліміздің көптеген азаматтарын алаңдатып отырған мәселелерді көтеріп, ҚРҰБ мен БЖЗҚ-ға жеткізіп отырады. Біз өз жұмысымызда бұл мәселелерді ескереміз. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне ақпарат іріктеуде көмектесіп,  Қоғамдық кеңестің мәселелері бойынша ҚР ҰБ-мен кездесу ұйымдастырудамыз», - деді Н. Наурызбаева.

Оның айтуынша, Кеңестің кейбір ұсыныстары «күрделілігіне байланысты, мысалы, заңнамаларға өзгерістерді қажет ететін және т.б. ұсыныстар қазіргі таңда қаралып жатыр және талқылану үсітнде».

«Қоғамдық кеңестің, оның барлық мүшелері мақұлдаған жұмыстың мақсаты  жинақтаушы зейнетақы жүйесі төңірегіндегі маңызды мәселелер мен оны жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау жөніндегі  азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады, - деп ескертті Н.Наурызбаева. - Осы мақсатта Қоғамдық кеңестің құрамында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында Қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері зейнетақы жүйесін қайта құру, соның ішінде оның негізгі және ортақ бөлігі бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі туралы пікір білдірді. Бұл идеяны Қоғамдық кеңестің барлық мүшесі толықтай қолдамады».