14:27, 21 Ақпан 2017 | GMT +5
БЖЗҚ қорынан теміржол саласына қаржы бөлінеді деген ақпарат тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес «БЖЗҚ-нан теміржол саласын субсидиялау үшін 50 млрд теңге көлемінде қаржы алынады» деген ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы Досым Сатпаев хабарлап отыр.

«БЖЗҚ-нан теміржол саласын субсидиялау үшін 50 млрд теңге қаржы алынады деген ақпарат тарады. Сондықтан, БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банк пен БЖЗҚ-на салымшылардың мүддесіне қарсы шешім туралы арнайы сауал дайындап жатыр», - деп жазды Досым Сатпаев.
Досым Сатпаевтың айтуынша, Қоғамдық кеңес арнайы сауалының мәтінін бүгін Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «БЖЗҚ Қоғамдық кеңесі» атты топқа жариялайтынын айтты.
Бұрын хабарланғандай, Досым Сатпаев БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестік төрағасы болып тағайындалған.