БЖЗҚ зейнетақы активі 2017 жылы 16,4 пайызға - 7,77 трлн теңгеге артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің басқармасындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дағы (БЖЗҚ) зейнетақы активі 7774,82 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда 1094,68 млрд теңгеге, яғни 16,4 пайызға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарт» ХАА тілшісі БЖЗҚ-қа сілтеме жасап.
Таза инвестициялық кіріс 2017 жылы 550,6 млрд теңгеге жеткен. БЖЗҚ-ның салымшылар (алушы) есебіне бөлінген зейнетақы қорының түсімі өткен жылы 7,92 пайыз (7,1 пайыздық инфляция деңгейінде) көрсеткішті көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні портфельдегі негізгі үлесті, яғни 46,14 пайызды - «Қазақстан Республикасының құнды қағаздары» құрайды. 2017 жылдың желтоқсанындағы олардың ағымдағы бағасы 167,14 млрд теңгеге қымбаттап, 3587,63 млрд теңгені құраған.
Инвестицияланған зейнетақы активтерінің үлесі бойынша екінші орында - «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банк облигациялары» тұр. Оның үлесі - 16,03%. Бұл облигациялардың ағымдағы құны 1246,49 млрд теңгені көрсеткен.
Ал үшінші орынға «Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік құнды қағаздары» қаржылық құралдары жайғасқан. Оның құны 948,84 млрд теңгені құрап, портфельдегі үлесі 12,2 пайыздық көрсеткішті көрсетіп тұр.
Зейнетақы активі бойынша инвестициялық кірістің мөлшері қаржы нарығындағы және зейнетақы активтері инвестицияланған қаржы құралдарының құнына байланысты болады дептүсіндірді мамандар.