Ц.Элбэгдорж Елбасына денсаулық, жұмысына табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорждан Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Цахиагийн Элбэгдорж Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
«Сізбен Моңғолия және Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар аясын одан әрі кеңейту ісінде ынтымақтасатынымызға қуанамын», - делінген жеделхатта.
Соңында Ц.Элбэгдорж Қазақстан Президентіне денсаулық, жұмысына табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.