Cадақ атудан әлем чемпионаты екі жылға шегерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық садақ ату федерациясы 2020 жылғы алаңдағы әлем чемпионатын кейінге қалдыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған жарыс биыл қыркүйек айында әлемдегі ең үлкен садақ ату базасы орналасқан АҚШ-тың Янктоне аймағында өтуі тиіс еді. Бұл жақта осыған дейін жастар арасындағы жабық алаңда садақ атудан дүниежүзілік біріншілік өткен болатын. Мұндай шешім COVID-19 індетіне байланысты спортшылардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған.
Халықаралық федерация мәлім еткендей енді 2020 жылға жоспарланған ашық алаңдағы әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді.