Cадақ атудан Қазақстан командасы Түркиядағы жаттығу жиынын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Садақ атудан Қазақтан командасы Түркиядағы жаттығу базасынан елге оралды. Спортшылар 18 күн бойы дайындық кезеңін өткізді. 

Садақ ату
Фото: Olympic.kz

Olympic.kz сайтының хабарлауынша, жаттығу жиынына классикалық садақ атудан 15 спортшы қатысты. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар да бар.

Қазіргі таңда садақ атудан Қазақстан командасы әлем кубогы кезеңідеріне дайындалып жатыр. Әлем кубогының бірінші кезеңі Қытайда, екінші кезеңі Оңтүстік Кореяда өтеді. 

Одан бөлек, Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогына қатысып, әйелдер арасында сарапқа салынатын Олимпиада жолдамасына таласып көреді.