CAFA Futsal Championship 2025 турнирі Душанбеде өтеді
ДУШАНБЕ. KAZINFORM – Орталық Азия футбол қауымдастығы биыл өзінің он жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды Ховар агенттігі Тәжікстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Душанбеде Орталық Азия футбол қауымдастығының мұрындық болуымен 2025 жылғы маусымдағы алғашқы турнир, футзалдан әйелдер құрамалары арасында CAFA Championship өтеді.
Турнир 7-17 ақпан аралығында Душанбе көпфункционалды спорт кешені – Теннис және су спорты сарайында өтуі жоспарланған.
CAFA-2025 чемпионатына қатысушылардың құрамы мен турнирдің форматы кейінірек анықталады.
Айта кетейік, әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы футзалдан CAFA чемпионаты төртінші рет ұйымдастырылмақ. Турнир 2022 жылы құрылған. 2022 және 2024 жылдары әйелдер командалары арасында футзалдан CAFA чемпионаты Душанбеде, ал 2023 жылы Ташкентте өтті. Барлық турнирде Иранның футзалдан әйелдер құрамасы жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің финалынан тыс қалды.