Cағынтаев Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Х Астана экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгтың кездесуі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz

Cағынтаев Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті

Кездесу тақырыбы экономика, табиғат және қоғамның үйлесімін көздейтін Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ адам капиталына инвестиция салуға шақыратын «Жасыл өсім» тұжырымдамасы болды.

Бақытжан Сағынтаев пен Рае Квон Чунг Астанада өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.

Сондай-ақ ҚР Үкімет басшысы  Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің бас директоры Марк Узанменде кездесті.

Кездесу барысында жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелер талқыланды.

Айта кету керек, Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгерілету жөніндегі серіктесі болып табылады.