Cambridge consultants компаниясының мамандары жеміс жинайтын робот ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Cambridge consultants компаниясының мамандары жеміс жинауға арналған робот ойлап тапты.

Cambridge consultants компаниясының мамандары жеміс жинайтын робот ойлап тапты

Арнайы сенсорлы құрылғымен жабықталған робот өнімнің түрі мен көлемін де анықтай алады, деп хабарлайды 24.kz. Құрастырушы мамандардың айтуынша, жаңа техника өзгерістерге тез бейімделеді және жемісті сұрыптау ісін де атқара алады.

Cambridge consultants компаниясының басшысы Крис Робертстің айтуынша, роботтың жемісті анықтап, оны ұстауына арнайы датчиктер көмек береді. Содан кейін оны көтеруге қажетті қысым бөлінеді. Жинау кезінде жеміске ешқандай зақым келмейді.