Camelot лотереясынан 50 млн доллар джекпотты ұтып алған жеңімпаз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Camelot лотереясынан 33 млн фунт (шамамен 50 млн доллар) джекпотты ұтып алған жеңімпаз табылды, деп хабарлайды лотереяны ұйымдастырушылар.

 Camelot лотереясынан 50 млн доллар  джекпотты ұтып алған жеңімпаз табылды

Жеңімпаз әзірге өзінің аты-жөнін жасырып отыр.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Вустер қаласының тұрғыны өзінде ұтыс билеті болғанын, бірақ кір жуатын машинада киіммен бірге кездейсоқ жуылып кеткенін мәлім еткен болатын.

Camelot адамдардан билеттерін жоғалтып немесе бүлдіріп алғандықтары жөнінде жүздеген мәлімдемелер алған, деп хабарлайды Би-би-си.
Фото: Twitter/@SkyNews