Царнаевтің адвокаттары оның ісін қарау орнын ауыстыруға қатысты шешімге наразылық білдірді
Мұны БАҚ-та жарияланған сот құжаты растайды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Олардың деректеріне сәйкес, қорғаушылар АҚШ-тың бірінші округі сотына аппеляциялық шағым берген. Сәрсенбіде О'Тул Царнаев сотын өткізу орнын ауыстыруға қатысты қолдаухатты қабылдамады. Осылайша, егер апелляциялық сот аталған шешімді жоймаса, сот 5 қаңтарда басталып, Бостонда (Массачусетс штаты) өтеді. Алайда, енді оның адвокаттары О'Тулдан аппеляциялық сот олардың қолдаухаттарын қарап біткенше, Царнаевтың тағдырын шешетін судьяларды іріктеу рәсімін тоқтата тұруды өтінді. Бұдан бұрын қорғаушылар О'Тулуге сотты бастауды кейінге шегеруге, оны Бостоннан АҚШ-тың кез келген басқа қаласына ауыстыруға қатысты өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Адвокаттар қала лаңкестік құрбаны болғандықтан, Бостонда сот әділ өтпейтініне сенімді.