Cartier дүкенінен 710 мың доллар тұратын сағат ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің орталығындағы француздық Cartier зергерлік компаниясының дүкенінен 16 қол сағаты ұрланды. Қолды болған сағаттардың құны 710 мың долларға бағаланып отыр.

Cartier дүкенінен 710 мың доллар тұратын сағат ұрланды

Оқиға тал-түсте болған. Бес қарақшы дүкенге келіп, балғамен сөрені бұзып ішіндегі сағаттарды алып, ізін суытқан.

Полицейлердің айтуынша, ұрылар Cartier дүкеніне келмес бұрын қасындағы басқа дүкенді «тазаламақ» болған. Күзетші оларды ішке кіргізбегендіктен, қарақшылар француздық дүкенді үптеп кетті.

Бір қызығы, дүкен тоналып жатқанда маңайда тәртіп сақшылары болмаған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.