«Caspian Industres Ltd.» ЖШС қайырымдылық жобасын іске асыруда
АЛМАТЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Caspian Industres Ltd.» ЖШС-нің «Vita» сауда белгісіндегі ауыз суы өнімдерінің сыртқы түрі өзгерді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл қайрымдылық жобасының бірінші кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы қаржылай көмекті қажетсініп отырған нысандарға мониторинг жүргізіп, тендер өткіземіз. Екінші кезеңде тендер арқылы іріктеліп алынған нысандарға қаржылай нақты көмек көрсетіледі. Онда «Vita» ауызсуының әрбір бөтелкесінде бұл нысандар туралы ақпарат беріліп, тұтынушылар өз ақшасының қайда жұмсалатынын біле алады», - дейді «Caspian Industres Ltd.» ЖШС-нің бас директоры Равиль Сатаров. Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыс жағдайында бизнес мүмкіндігіне қарай әлеуметтік салаға бұрылып, көмекке мұқтаж болып отырғандарға қолұшын беру керек. Жалпы қазіргі таңда Қазақ тағамтану академиясының деректеріне қарағанда, газдалмаған минералды суға деген қажеттілік айтарлықтай өскен. Ел тұрғындары бөтелкедегі суды емдік мақсатта ғана емес, шөлін басу үшін де көп тұтынуда.