Цемент зауытындағы өндірістік жұмыстар барысында қалыптың астында қалған Қытай азаматы қаза тапты

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, цемент зауытындағы өндірістік жұмыстар барысында қалыптың астында қалған Қытай азаматы қаза тапты.

Цемент зауытындағы өндірістік жұмыстар барысында қалыптың астында қалған Қытай азаматы қаза тапты

«Мамырдың 22-сі күні сағат 17:00-де Жамбыл облысында салынып жатқан Мыңарал цемент зауытында өндірістік жұмыстарды орындау барысында құлаған қалыптың астында қалған 42 жастағы слесарь-монтаждаушы (ҚХР азаматы) , жарақаттың салдарынан қаза тапты», делінген баспасөз хабарламасында.