Cемейде Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір салынып жатыр
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір салынып жатыр. Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы жалғасып жатыр.
«Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпірдің 9 тірегі және 8 аралығы болады. Көпірдің жалпы ұзындығы 1350 метрді құрайды. Оның 810 метрі көпірдің негізгі бөлігіне, ал қалған 540 метрі екі жағынан орналасқан қосымша автомобиль жолдарына тиесілі. Ені – 23 метр», - делінген ақпаратта.
Жаңа көпір қаладағы көлік кептелісін азайтып, көлік ағынын ретке келтіруге мүмкіндік береді деп күтіледі.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысы әкімімен Семей орманы, аспалы көпір және Алакөлде туризмді дамыту жайлы сұхбат құрған болатынбыз.