11:59, 19 Қаңтар 2020 | GMT +5
Cемейдегі кәсіпорыннан 16 млн теңгенің металы ұрланды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы кәсіпорыннан 16 млн теңгеге бағаланған металл сынықтарын ұрлаған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![None None](/static/img/plug.webp)
Семей қаласында 15-24 қаңтар аралығында «Металл» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның аясында полиция қызметкерлері түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеріп жатыр. Бүгінде заңсыз жұмыс істеген осындай 5 пункт анықталған.
«Тәртіп сақшылары «ВАЗ-21013» және «Газель» маркалы көліктермен Степной кентінің аумағында орналасқан кәсіпорыннан металл сынықтарын ұрлаған 4 адамды ұстады. Келтірілген шығын мөлшері 16 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» - деп хабарлады Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы