Cенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Cенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды.
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің интернеттегі блогында жазды.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен палата Аппаратының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды. Сенаторлар бұл бастаманы биылғы 15 наурыздағы жалпы отырыс барысында көтерген болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан үш аудан, екі қала, отыз ауыл және бәрін қосқанда 1300 үй зардап шекті», - деп жазады Сенат спикері.