Cенатор Е. Иманқұлов елімізде арнайы газ инспекциясын құруды ұсынады

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында еліміздегі газ саласын дамыту және өңірлерді газдандыру мәселесіне арналған Үкімет сағаты барысында сенатор Еділбай Иманқұлов елімізде арнайы газ инспекциясын құруды ұсынды,

Cенатор Е. Иманқұлов елімізде арнайы газ инспекциясын құруды ұсынады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда елімізде газ саласын ұдайы қадағап тұратын инспекция жұмыс істемейді. Бұндай инспекция тұрғын үйлердегі, газ шаруашылығындағы апатты жағдайлардың алдын алуға айтарлықтай жәрдем беретін еді. Сондықтан да, елімізде арнайы газ инспекциясын құрудың маңызы зор деп білемін», деді Е. Иманқұлов.

Сонымен бірге, сенатор Мемлекет басшысының мұнай ілеспе газдарын ұлттық меншікке алу туралы тапсырмасын жүзеге асыру жайына тоқтала келе, бұл ретте ілеспе газдарды пайдалану мәселелерін зерттеу жөнінде арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін алға тартты. «Мұнай ілеспе газдарын жою және қайта өңдеуге барысында көптеген проблемалар туындайтыны айқын. Ал экономикалық тұрғыдан алғанда, біздің еліміз үшін өңделген ілеспе газды алудың пайдасы мол болары анық», деді депутат.