ЦентрКредит Банкінің стратегиялық инвесторы оңтүстіккореялық Koolmin Bank серіктесіне қолдау білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЦентрКредит Банкінің стратегиялық инвесторы оңтүстіккореялық Kookmin Bank ЦКБ-ке жан-жақты қолдау көрсететінін растады. Бұл туралы банктің баспасөз хабарламасында айтылған.
Kookmin Bank президенті Гон Хо Ли ЦКБ басшылығына Kookmin Bank-тің оған бұрынғыдай қолдау көрсетуге әзір екендігін айтып, ресми хат жолдаған.
"ҚазАқпарат" агенттігі хаттың мәтінін жариялайды.
Құрметті басқарма төрағасы Владислав Ли мырза, Kookmin Bank-тің атынан мен Сіздің бастамашылығыңыз бен нарықтағы осындай қиын жағдайда жауапты әрі нақты шешімдер қабылдай білгендігіңізді атап өткім келеді.
Kookmin Bank ЦентрКредит Банкі АҚ-ның стратегиялық серіктесі ретінде ВВС-тің негізсіз смс-хабарламалардың таралуынан туындаған ағымдағы мәселелерін жеңе алатынына нық сенімді.
Сонымен қатар, мен Қазақстан Ұлттық банкінің басқарма төрағасының 18 ақпан күні жасаған нақты мәлімдемесіне сенемін. Ол ВСС-ті қосқанда Қазақстанның негізгі коммерциялық банктері өтімділіктің негізгі параметрлері бойынша берік ұстанымда екенін растады. Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасының банктерге өтімділік бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін мәлім еткендігінің арқасында мен нарықтың жақын арада тұрақтанатынына сенемін.
Стратегиялық серіктестік ретінде қазіргі бар қиындықтарды жоюда бірлесе отырып, біз ВСС-ға қолдау көрсетудің түрлі жоспарларын қарастырып жатырмыз. Мен ақыр соңында ВВС-тің осы қиындықтарды жеңіп, нығайып, Қазақстанның сенімді банкіне айналатынына сенемін.
Мен тағы да Сіздер мен ВСС басқармасының мүшелеріне өзімнің қолдауым арқылы өз сенімімді білдіргім келеді.
Құрметпен, Kookmin Bank президенті Го Хон Ли