18:12, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
«Цесна Астық» қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге міндеттенді
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана әкімдігі, қалалық Кәсіподақ кеңесі «Цесна Астық» концерні» ЖШС-мен «Өндіріс үдерістерін тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Меморандум бойынша аталмыш кәсіпорын жұмыс орындарын негізсіз қысқартуды болдырмау, еңбек қатынастарын ескерусіз қалдырмау жөніндегі міндеттемелерді орындауы тиіс. Қазіргі уақытта концернде 600-ге тарта қызметкер жұмыс істейді. «Елімізде 148 мың кәсіпорын болса, ірі бизнес өкілдерінің 80 пайыздайы бізбен осы тектес меморандум жасасты. Осы бағытта жұмыс жалғаса береді», - дейді вице-министр.