Чад астанасында президент сарайына жасалған шабуылдан 19 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Жергілікті биліктің мәліметінше, атыс кезінде қаза тапқандардың арасында 18 шабуылшы мен қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері бар, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап. 

19 killed in attack on Chad's presidential complex
Фото: Anadolu Ajansı

Шабуылды «Боко Харам» жиһадтық тобының содырлары жасады деген болжам бар, олар бұған дейін үкімет нысандарына шабуыл жасаған. Биліктің хабарлауынша, шабуылға барлығы 24 адам қатысқан.

— Шабуыл жасаушылардың 18-і қаза тауып, алтауы жарақат алды. Бізде бір адам қаза тауып, үшеуі жараланған, біреуінің жағдайы ауыр, — деді үкімет өкілі және сыртқы істер министрі Абдераман Куламалла AFP-ге.

Агенттік тілшілерінің хабарлауынша, президент резиденциясына апаратын жолдар жабылып, көшелерде танктер жүре бастаған. 

Шабуыл кезінде Чад президенті Махамат Деби сарайда болған. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазір жағдай бақылауға алынды. 

Бұған дейін Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде жаппай қыспақта қалған жұрт бірін-бірі таптап, 22 адам көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар