Чад пен Конго президенттері бес тонна піл сүйегін өртеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чад президенті Идрис Деби мен оның конголық әріптесі Дени Сассу-Нгессо тәркіленген бес тонна контрабандалық піл сүйегін жоюға қатысты.
Бұл шара Конго астанасы -Браззавильде өткен табиғи ортасын қорғау мәселесіне арналған конференция кезінде болды.
Осылайша екі орталықафрикалық мемлекеттің басшылары браконерьлермен аяусыз күресетіндіктерін көрсетті.
Соңғы 30 жылдың ішінде пілдердің саны 1 миллионнан 500 мыңға дейін азайды.