Chanel және Christian Dior зергері дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 89-ға қараған шағында Chanel және Christian Dior фирмаларында еңбек еткен француз зергері Робер Гуссенс дүниеден өтті, деп хабарлады Лента.ру.

Chanel және  Christian Dior зергері дүниеден өтті

Гуссенс 1927 жылы туған, ол еңбек жолын Cartier оттықтарын бедерлеуден бастады. Кейінірек Chanel сән үйінде жұмыс жасай жүріп, «византиялық стильді» дамыта бастады.

1960 жылдары Гуссенс Chanel үшін гүлді әуендермен, інжумен және моншақтармен алқа жасады, англосаксон белбеулерінен көшірілген бүркіттер бейнесін, мальти түйреуіштерін жасады.

Әр жылдарда зергер Scherrer, Givenchy, Mugler және Lacroix сияқты брендтермен ынтымақтасты. Әшекейлерден басқа Гуссенс иіссулар үшін құты, зергерлік оймақтар және айна жасады. 1974 жылы Париждегі авенюде өз дүкенін ашты. 2005 жылы дүкенді Chanel сатып алды, ал оны басқару зергердің мұрагерлері Патрик пен Мартин Гуссенстерге берілді.