Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытындағы жол құрылысы жалғасады

жол опырылды
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облыстық маңызы бар Чапай-Жаңақала-Сайқын 130-191 шақырым, жалпы ұзындығы 61 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы жалғасын табатын болады.

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 13,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді.

Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге қаржы бөлініп, қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жоспар бойынша 15 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделген.

Сонымен қатар, «Чапай-Жаңақала-Сайқын 307-337 шақырым» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Мердігер ұйым анықталған соң, нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар басталатын болады.

Соңғы жаңалықтар