Чаплиннің қалпағы мен таяғы аукционда 62 мың долларға сатылды
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте өткен Bonhams аукционында Чарли Чаплиннің қалпағы мен таяғы 62 мың долларға сатылды, деп хабарлады ВВС-дің Орыс қызметі.
Ұйымдастырушылар актердің бұл заттары үшін 40 мыңнан 60 мың долларға дейін ақша түсіруді көздеді.
Аукционға қойылған лоттардың қатарында Джон Леннонның 1960 жылдардың соңында жазған хаттарының бірі бар.