17:08, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Чарльз ханзада брейк-данс биледі
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Түнгi клубта билеген тақ мұрагерiнің архивтегі бейнесі қоғам игілігіне жарады.

Патша отбасының мүшелері қайырымдылық баллға ғана емес, би кешіне де барады. 1980 жылдары Лондон түнгi клубтарының бiрiнде ағылшын патшайымының ұлы Чарльз ханзада көптің көзіне ілікті. 20 жылдай уақыттан кейін тақ мұрагерi биінің жазбасы желіге өтті, деп хабарлайды Life News.