Чарли Чаплиннің шаң басып жатқан повесі жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған актер әрі режиссер Чарли Чаплиннің ұзақ уақыттан бері жеке мұрағатында сақталып келген бірегей «Рампа» повесінің қолжазбасы жарық көрді, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Чарли Чаплиннің  шаң басып жатқан повесі жарық көрді

Сонау 1940 жылдардың соңында жазылған «Рампа» шығармасына мансабының соңында өзіне өзі қол жұмсауды ойластырған балеринаның бұралаң соқпаққа толы өмір жолы арқау болған.

Туындыға Чаплиннің «Огни рампы» кино сценарийі негіз болған. Ал бұл оның АҚШ-та түсірілген соңғы фильмі. Чаплиннің жақын туыстарының айтуынша, шығармадағы әрекеттер көбіне оның өмірбаяны іспеттес. Аталмыш оқиға 1914 жылдары, яғни ол алғашқы фильм түсірген кезеңде орын алған.