Charlie Hebdo басылымына шабуыл: Екі күдіктіге іздеу жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция полициясы Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл жасады деген күдікпен екі адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Би би си. Ағайынды Куаши - 34 жастағы Саид пен 32 жастағы Шериф іздестіріліп жатыр.
None
None

БАҚ хабарламасы бойынша, ж урнал редакциясына шабуыл жасады деген үшінші күдікті Амид Мурад қылмысқа қатыстылығын мойындап, полицияға өз еркімен берілген.

Ал оның достары әлеуметтік желілерге Амид Мурад сәрсенбіде, журнал редакциясына шабуыл жасалған кезде мектепте болғанын жазуда. Оны тұтқындау ресми расталған жоқ.

Шериф Куаши 2008 жылы Ирактағы террорлық әрекеті - көтерілісшілерге көмек бергені үшін айыпталып, жауапкершілікке тартылған. Ол бір жарым жылын түрмеде өткізді.

Сәрсенбіде Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар