Charlie Hebdo оқиғасына тергеу жүргізген полиция комиссары өз-өзіне қол жұмсады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Charlie Hebdo сатиралық апталығының редакциясына шабуылға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция комиссары жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсады.

Оқиға Лиможде бейсенбіге қараған түні орын алған, деп хабарлайды жергілікті Polulaire басылымы. Офицердің өліміне қатысты тергеу басталды. Белгілі болғандай, 45 жастағы комиссар соңғы уақытта сары уайымға салынып жүрген. Ал өз-өзіне қол жұмсамас бұрын ол Charlie Hebdo-ға жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан адамның отбасымен кездескен, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram