Чарлстонда теннисші Шведова Эрраниден ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық теннисші Сара Эррани Қазақстаннан келген Ярослава Шведованы екі сетте де ұтып (6/0, 6/3), Чарльстонда (АҚШ) турнирдің екінші раундының айналымына шықты. Жарыс 1 сағат 9 минутқа созылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Чарлстонда теннисші  Шведова Эрраниден ұтылып қалды

Осы уақыт ішінде әлемнің 20-шы ракеткасы мен 28 жастағы Сара сегіз брейк-пойнт жүзеге асырды және доп беру кезінде қателескен жоқ. WTA  рейтингінде 70-ші орындағы оның құрдасы Ярослава қарсыласының үш рет доп қабылдап, екі мәрте жұп қателік жіберіп алды. Итальяндық жеке кездесуде есепті 3:3 ұпаймен теңестірді.

Volvo Car Open жарысының үшінші айналымында  Эррани  австралиялық Саманта Стосурмен жарысқа түседі.