ChatGPT-ге сыр айтуға болмайды

АСТАНА. KAZINFORM — ChatGPT-ге құпияңды айтуға болмайды. Kazinform тілшісіне дәл осылай деп пікір білдірген IT маманы Ғасыр Құралбайұлы мұның себебін түсіндірді.

ChatGPT-ге сыр айтуға болмайды
Фото: freepik

— ChatGPT-ге жазған жазбаларымызды дербес деректерге жатқызуға болады. Сол себепті бұл қосымшамен диалог кезінде де өз ақпараттарымызды қорғауымыз керек. Адамдар онда өзінің сентиментальды сұрақтарын қойып, ешкімге айта алмаған дүниелерін айтуы мүмкін. Егер ол деректер сыртқа шығып кетсе, бұл өте қауіпті. Себебі ешқандай жүйе бізге болашақта ақпарат қолды болмайтынына 100% кепілдік бермейді, — дейді сарапшы.

Ғасыр Құралбайұлы бұл қағиданы әсіресе мемлекеттік қызметкерлер қатаң ұстануы керектігін ескертті.

— Оған қоса, мемлекетке қызмет ететін азаматтар, мысалы, депутаттар, әскери қызметкерлер ChatGPT-ге бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған жобаларды, әскери құпияларды бөлісуі мүмкін. Сол себепті мен өз сабақтарымда үнемі мемлекеттік қызметшілерге ескертіп отырамын. Әкімдер, әскерилер, қандай да бір ақпаратқа ие мемлекеттік қызметкерлер әлі жарияланбаған ұлттық жобаларды, әскери құпияларды, тұрғындардың деректерін ChatGPT-мен бөліспеуі керек. Айта қалған күннің өзінде, мүмкіндігінше бүркеншік атпен бөліскен дұрыс. Сонда ғана біз деректерді қорғай аламыз, — дейді ол.

XXІ ғасырдағы белсенді желі қолданушылардың виртуалды досына айналған қосымшаның өзінен де сұрап көрдік. Жасанды интеллект бұл мәселеге қатысты былай дейді:

— ChatGPT секілді жасанды интеллект платформалары — бұлттық жүйелер арқылы жұмыс істейді. Яғни, енгізілген мәтіндер серверлерде өңделеді. Адамдар ChatGPT-мен сырласу секілді әрекетке баратыны рас. Бұл психологиялық тұрғыда түсінікті болса да, жеке немесе интимдік мәліметтерді енгізу — тәуекел. Жүйе оларды арнайы пайдаланбайды, бірақ қате конфигурация немесе шабуыл жағдайында бұл деректердің сыртқа шығу ықтималдығы жоқ емес. Жасанды интеллектімен жұмыс істегенде негізгі жауапкершілік қолданушыда. Сол себепті, құпия, дербес немесе әлі жарияланбаған ақпараттарды мұнда енгізбеу — ең дұрыс шешім.

Айта кетейік, енді ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

Оған қоса, ақылды жүйе бедеулікпен күресуге де көмектеседі

Соңғы жаңалықтар