Жасанды интеллект бедеулікпен күресуге көмектеседі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстанның репродуктивті медицинасы жасанды интеллект арқылы бедеулікті емдеудің ең заманауи әдістерін қолданып жатыр.

репродуктивті медицина
Фото: Александр Павский / Kazinform

Клиникалық эмбриолог Дамира Мүсұралиеваның айтуынша, қазір репродуктивті медицинада заманауи технологиялар, оның ішінде жасанды интеллект белсенді қолданылып жатыр. Бұл қазақстандық дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. 

Экомед клиникасы
Фото: Александр Павский / Kazinform

 

Дамира Мүсұралиева
Фото: Александр Павский / Kazinform

Осы жоғары технологиялық құрылғылардың бірі — жасанды интеллектке ие Embryoscope Plus инкубаторы.

— Бұл инкубатор бірегей. Яғни, оның ішінде жасанды интеллект орнатылған және камерамен жабдықталған. Ол ұрықты әр 15 минут сайын суретке түсіріп, дәрігерге әр өзгеріс туралы ақпарат беріп тұрады. Ұрықтың даму қабілетін бұған дейін эмбриолог маман анықтап келсе, енді жасанды интеллект таңдайды, — дейді дәрігер.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ Қазақстан халқының репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған президенттік бағдарламаның құрметіне Алматыда «Аңсаған сәби» мүсіні орнатылды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Менің арманым — бедеулікті түбегейлі жою. Әр отбасыда нәрестенің іңгәлаған үні естілсе екен деймін. Бедеулікпен күресіп жүрген жұптар үшін ең маңыздысы — эмпатия. Сол себепті «Аңсаған сәби» мүсіні бала сүюді армандайтын әр отбасыға үміт беретін белгі болмақ. Қазір Қазақстандағы әр алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болып жатыр, ресми деректер бойынша 21 мыңнан астам адамға бедеулік диагнозы қойылған. Сондықтан біздің мақсатымыз өзгермейді — репродуктивтік медицинаны қолдаудың және ғылым мен инновацияны дамытудың маңыздылығына қоғам назарын аударту, — деді «Экомед» клиникалар тобының негізін қалаушы әрі ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова.

Салтанат Байқошқарова
Фото: Александр Павский / Kazinform

Осыған дейін Президент 2021 жылы бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» бағдарламасының нәтижесінде елде төрт жылда 10000-нан астам сәби дүниеге келгені туралы жазғанбыз. 

Фото: Александр Павский / Kazinform

Еске салайық, бұған дейін «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасатыны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар