Чавес, Фроч пен Уорд қана Головкинге мықты қарсылас бола алады - Абель Санчес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақтағы (72 келіге дейін) WBA/IBO/WBC interim нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес бұрынғыша ол өз санатында да, 69 келіге дейінгі салмақта да кез келген қарсыласын нокаутқа жіберетініне сенімді, деп жазды sports.kz.
«Геннадиймен барлық 12 раундқа дейін айқасатын 69,9 келі және 72,6 келі салмақта рингке шығатын қарсылас жоқ екенін мен бұрыннан айтып келемін. Әлі де сол пікірімде қаламын, - деп атап өтті Boxingsceneге берген сұхбатында Санчес. - Оған деңгейі біршама жоғары Фроч, Чавес және Уорд сияқты боксшылар ғана мықты қарсылас бола алады. Қазір орташа салмақтағы Головкинді қарсы тұра алатындай ешкім жоқ».