19:44, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Чавес Түрікменстанға газ жөніндегі ОПЕК-ке кіруді ұсынды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Уго Чавес Түрікменстанға сапары кезінде әріптесі Құрбанғұлы Бердімұхаммедовке газ жөніндегі ОПЕК-ке кіруді ұсынды,

деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Біз газ жөнінде ОПЕК құрамыз және сіздерге осы ұйымға кіру мәселесін қарауды ұсынамыз», - деді Чавес жоғары деңгейдегі түрікмен-венесуэла келіссөздері басталар алдында.
Ол газ жөніндегі ОПЕК-ке Ресей, Иран және Венесуэла кіретінін атап өтті.