Чайковский атындағы XV халықаралық байқауға қатысуға 45 елден 600-ден астам музыкант өтініш білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - П.И.Чайковский атындағы XV халықаралық музыкалық байқауға қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды.
Олар саналуда, алайда қазірдің өзінде 45 елден өтініш білдірген қатысушылар саны 600-ден асты, деп хабарлады ТАСС.
Өтініштердің көбі Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, АҚШ, Франция, Италия, Германия және Украинадан келіп түскен.
Алдымен қазылар алқасы қатысушыларды виртуалды түрде таңдаса, кейін қатысушыларды тыңдап, бірінші кезеңге өтетіндерді іріктейді.
Байқауға 30 пианиношы, 25 скрипкашы, 25 виолончель ойнау шебері және 40 вокалшы (20 ер және 20 әйел адам) қатысады.
П.И.Чайковский атындағы XV халықаралық байқауы 2015 жылы 15 маусым мен 3 шілде аралығында Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтеді. Байқаудың жалпы сыйлық қоры 16 млн рубльді құрайды. Гран-при иегері $130 мыңға ие болады.