Чех монастырынан Гитлердің жеке коллекциясындағы картиналар табылды

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Үшінші рейхтың көшбасшысы Адольф Гитлердің жеке коллекциясындағы картиналардың бір бөлігі Прагадан солтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жердегі чехтың Доксаны кентінде орналасқан әйелдер монастырынан табылды,
None
None

деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Бұл туралы чех телеарналары мәлім еткен.

Гитлердің коллекциясындағы жеті картинаны тарихшы Йиржи Кухарж қарапайым келушілердің қолы жете алмайтын монастырь депозаритарииінен тапты. Бұл суреттер мұндай қалай келіп түскені әзірге белгісіз. Монастырь әйел-бастығы «картинаның кімдігі екенін мұнда ешкім білмейтін», деп мәлімдеді.

Полотнолардың құны 50 миллион чех кронасына (2,8 миллион долларға жуық) бағаланып отыр.   

Соңғы жаңалықтар