Чехия астанасындағы университетте болған атыстан адамдар өліп, бірқатары жарақаттанды

Прагадағы атыс
Фото: euronews

Чехия полициясы Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болып жатқанын хабарлады.

Бұл туралы Kazinform BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, мерт болғандар да жарақат алғандар да бар. Алайда әзірге олардың нақты саны белгісіз.

Оқиғаның Прагадағы Ян Палах алаңында орналасқан Карлов университетінің өнер факультетінің маңында болғаны хабарланды.

Қазіргі таңда аталған алаң мен онымен көршілес ауданды полиция қоршауға алды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға әлі жалғасуда. Жергілікті тұрғындарға оқиға орнына жақындамауға және үйден шықпауға шақырып жатыр.

Карлов университеті оқытушыларының бірі Сергей Медведев өзінің Facebook парақшасында оқиғаның куәгері болғанын жазды.

«Адам сенгісіз жағдай, тыныш қала саналатын Прагада бізге оқ атып жатыр. Мен университетте лекция оқып жатқанмын, ғимаратта атыстың даусы шыққанда терезелер сықырлап кетті. Артынан айқай-шу болып, аудиторияға арнайы жасақ сарбаздары кіріп келді, олар ғимаратты тексеріп шықты. Біз аудиторияда жасырынып отырдық»,-деп жазды Медведев.  

Соңғы жаңалықтар