Чехия марихуананы тартуға ресми түрде рұқсат бермек

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Чехия парламентінің төменгі палатасы елде марихуананы заңдастыру үшін дауыс берді, деп хабарлады Associated Press.
None
None

Ұсынылған заң жобасына сәйкес, марихуананы медициналық көрсеткіштер бойынша елдің дәріханаларынан сатып алуға болады. Ол үшін сатып алушыларға дәрігер жазып берген рецепт керек.

Марихуананы импорттауға және оны өсірумен арнайы рұқсаттары бар фирмалар айналыса алады.

Айта кетейік, медициналық көрсеткіштер бойынша марихуананы қабылдау Еуропаның кейбір елдерінде және АҚШ-тың бірқатар штаттарында рұқсат етілген.

Соңғы жаңалықтар