Чехия Президенті Еуроодаққа Нобель сыйлығының берілуін үлкен қателік деп атады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Чехия Президенті Вацлав Клаус Еуроодаққа Бейбітшілік сыйлығын беру туралы Нобель комитетінің шешімін «үлкен қателік» деп атады, деп хабарлады Утро ру.
None
None

Клаустың пікірінше, комитет бұл сыйлықты қандай да бір істе өзін ерекше көрсете білген жеке адамдарға беру дәстүрін жалғастырғаны жөн еді.

«Оның (сыйлықты) ұйымға, бұл жағдайда бюрократиялық ұйымға берілуі - оны түкке тұрғысыз етеді», - деді Чехия басшысы.  

Нобель комитеті өзінің шешімін Еуропалық Одақ алты онжылдықтан астам уақыт бойы Еуропада бейбітшілікті нығайту үшін күресіп келгенімен түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар