Чехия президентін пластикалық тапаншамен атқан Павел Ондроуш бостандыққа жіберілді
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Чехия президенті Вацлав Клаусқа Храстава қаласында жұма күні жаңа көпірді ашу рәсімінде мемлекет басшысына белгісіз адам жақындап, бірнеше рет оны пластмасс оқпен атқан.
Бүгін, 30 қыркүйекте Павел Ондроушты чех полициясы бостандыққа жіберді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Ол жаңа көпірді ашу рәсімінде Президентке жақын келіп, бірнеше рет пластмасс оқпен атқан. Мемлекет басшысына айтарлықтай зақым келген жоқ, дегенмен 71 жастағы Вацлав Клаус ауруханаға жеткізілді.