Чехия ресейлік екі дипломатты ел аумағынан аластап отыр

АСТАНА.  Тамыздың  18-і.  ҚазАқпарат  -  Чехия ел  аумағынан   ресейлік екі  дипломатты шығарып    отыр, 

Чехия ресейлік екі  дипломатты ел аумағынан   аластап  отыр

деп  хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Дипломатиялық   топтағы  дерек көздің  хабарлауынша,   Ресейдің Сыртқы  істер министрі  Сергей Лавров  ресейлік дипломаттың Чехиядан      шығарылу  фактін    үлкен қынжылыспен қабылдады.  «Бұл  кезекті арандату»,  деп мәлім етті Астраханда  сапармен  жүрген  министр.

Бейресми   мәліметтерге сәйкес,  Прагадан     кететіндердің бірі - РФ-ның  Чехиядағы  елшілігі  жанындағы әскери атташенің  орынбасары.  Ал  екінші     дипломатқа  келер болсақ,   чех  өкіметі    оған   демалыстан   қайтпай-ақ қоюға     кеңес беруде.

Ресейлік  дипломаттардың елден  аластатылуының себебі   аталмай  отыр.