Чехияда 11 поляк шахтерінің қаза табуына байланысты Польшада азалы күн жарияланды
Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысында орналасқан Карбин қаласында болған. СSM көмір шахтасында 880 метр тереңдікте метан жарылуы салдарынан 13 адам қаза тапты. Оның 11-і - польшалықтар болса, екеуі - Чехия азаматы,
Жарылыс салдарынан 13 адам - 11 поляк және екі чех қаза тапты. Шахтерлер жұмыс істеп жатқан бірнеше учаскеде жыныстар опырылып түскен.
Жарылыс кезінде жарақат алған бір шахтер жергілікті ауруханалардың бірінде хал үстінде жатыр. Ауруханаға жеткізілген тағы екі шахтердің жағдайы аса ауыр емес. Жалпы, апат салдарынан 10 шахтер зардап шеккен, соның жетеуіне амбулаторлық ем-дом жасалып жатыр.
Оқиға орнына Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий келді.
Польша Президенті Анджей Дуда Twitter-де опат болған 11 поляк кеншісінің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.