Чехияда 4 жасар баладан маймыл шешегі анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Чехияда кішкентай сәбидің маймыл шешегі вирусын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Прагадағы балабақшалардың біріне келген 4 жасар баланың ауратыны белгілі болды. Ол вирусты Испанияда жұқтырған болуы мүмкін, онда ата-анасы жазғы демалысын өткізген.

Чехияда анықталған маймыл шешегін жұқтырған аурулар 66-ға жетті. Науқастардың ең көбі Прагада - 52. Дәрігерлер республикада инфекцияның алғашқы жағдайы туралы 24 мамырда хабарлады.

Украинада маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы зертхана жағдайында расталды.

«15 қыркүйекте Украинада маймыл шешегінің алғашқы жағдайы зертханалық түрде расталды. Қазіргі уақытта науқас стационарлық емдеу үшін медициналық мекемеге жатқызылды, ауру жеңіл өтіп жатыр», - делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында.

Анықталғандай, ПТР-зерттеудің арқасында ауруды диагностикалау мүмкін болды, қазір эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр.

Науқастың айтуынша, ол маймыл шешегін жұқтырған адаммен байланыспаған және шетелге шықпаған.

«Дегенмен, ауру белгілерінің пайда болуы және эпидемиологиялық анамнезді жинаудың алдын - ала нәтижелері пациенттің елдің ірі қалаларының бірінде жұқтырғанын көрсетеді», - деп хабарлады ведомство.


Фото: tass.ru




Соңғы жаңалықтар